Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылғы 28 маусымда Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді. Басты тақырып – Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?
Өткен 2021 жыл қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қаңтарда 13,1 триллион теңгеге жетті. Бұл соманың инвестициялық жарналар мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
2021 жылғы зейнетақы жинақтарының елеулі өсімі жыл ішінде 1,4 трлн теңге болған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.
Іс-шара кезінде Қор мамандары еліміздің зейнетақы жүйесінің құрылымын түсіндіріп, инвестициялық табыс құрылымымен таныстырады, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы ақпаратты қайдан және қалай алуға болатынын айтып, олардың қаржылық тәуекелдерден қалай қорғалатынын түсіндіреді.
Ашық есік күні 28 маусымда онлайн форматта өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі мен event-жиналыс паролі енгізіледі.
сағат 10:00
ZOOM конференциясына қосылу
https://us04web.zoom.us/j/72652596801?pwd=WhfrAlUvlaMnZtajaWyjRlqs6hlksi.1
Конференция идентификаторы: 726 5259 6801
Қатынау коды: i8SGUW
сағат 12:00
ZOOM конференциясына қосылу https://us04web.zoom.us/j/77068266134?pwd=BcgNFLC5HMMAYbrB9V2eClFEr7h1sT.1
Конференция идентификаторы: 770 6826 6134
Қатынау коды: 12345678
сағат 15:00
ZOOM конференциясына қосылу https://us04web.zoom.us/j/78783055639?pwd=Ouc4Gq6FZvj--uZ0YPws9njxN34NF3.1
Конференция идентификаторы: 787 8305 5639
Қатынау коды: 12345678
сағат 17:00
ZOOM конференциясына қосылу https://us04web.zoom.us/j/77061730685?pwd=uP-Uw-7f8Iv9_5hRr2ej-NCsNp84Ks.1
Конференция идентификаторы: 770 6173 0685
Қатынау коды: 12345678
Біз Сіздерді күтеміз!