Меню

Страницы

Статья

Елордалық дәрігерлер "COVID-19 пандемиясының жеңімпазы" арнайы сыйлығымен марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов медицина саласының қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, Медицина қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада денсаулық сақтау саласының барлығы 30-дан астам қызметкері марапатталды.

Үздіктер 8 номинация бойынша анықталып, оларға 1 млн теңгеден табыс етілді. "Үздік МСАК ұйымы" номинациясы бойынша №9 қалалық емхана жеңіске жетті. Марапат емхананың директоры Сәуле Смағұловаға тапсырылды. "2022 жылдың тиімді менеджері" номинациясында №2 көпсалалы қалалық аурухананың директоры Нұрбол Тұрсынбаев жеңіске жетті. Медицина қызметкерлерін марапаттау тарихында биыл алғаш рет арнайы номинация – "COVID-19 пандемиясының жеңімпазы" сыйлығы берілді. Бұл номинация инфекция жұқтырған науқастардың өмірін сақтау үшін тоқтаусыз күрескен екі дәрігерге берілді. Номинация қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепка мен №3 көпсалалы қалалық аурухананың директоры Жұлдыз Данбаеваға тапсырылды.

"Жедел медициналық жәрдемнің үздік бригадасы" атағына жедел медициналық жәрдем станциясының №10 бригадасы лайықталды: Рустама Қурманаева (дәрігер), Нұржан Ешімбетов (фельдшер), Дулат Ультараков (жүргізуші).

Тағы бір номинация – "Үздік жалпы тәжірибелік дәрігер" №4 қалалық емхананың дәрігері Шолпан Мұқышеваға берілді.

Ал "Үздік хирург" атағына №2 Көпбейінді қалалық аурухананың жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Алексей Смоленский ие болды. №3 көпсалалы қалалық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Эльмира Әлімжан "Үздік акушер-гинеколог" атанды.

№11 қалалық емхананың учаскелік мейірбикесі Бибігүл Шоқыбасова "Үздік орта медицина қызметкері" номинациясын жеңіп алды.

Дата публикации
16 июня 2022
Дата обновления
16 июня 2022
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы