Меню

Страницы

Статья

Елордалық дәрігерлерге 1 млн теңгеден табысталды

16 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жастар» сарайында медицина қызметкерлері күніне орай ақхалатты абзал жандарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған іс-шара «Алтын жүрек» ұранымен өтті. «Алтын жүрек» атауы коронавирус инфекциясымен тоқтаусыз күрес кезеңінде ақхалатты мамандардың көрсеткен ерлігі мен еңбегіне арналған. Сол сияқты бұл тақырып елдің денсаулығын нығайту үшін мойнындағы борышын өтеу жолындағы абзал жандардың жанашырлығын, қамқорлығын білдіреді. Себебі соңғы 2 жылда медицина қызметкерлері COVID-19 инфекциясымен алдыңғы шепте күресті.

Салтанатты іс-шараға қала әкімі Алтай Көлгінов, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ұлттық және республикалық ұйымдардың, қала мәслихатының өкілдері қатысты.

Қала әкімі Алтай Көлгінов елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жақсарту жолында әрбір маманның қосқан үлесіне тоқтала келе олардың коронавирус инфекциясымен күрес кезеңіндегі жұмысын ерекше атап өтті.

Денсаулық сақтау жүйесінің 30-дан астам маманы диплом мен төсбелгілермен марапатталды, сондай-ақ 8 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден ақшалай сертификат және bestdoctor.kz медициналық ақпараттық порталының лимиттелген атаулы белгілері табысталды.

Отандық медицина жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ақхалатты мамандар, қоғам қайраткерлері «Еңбек ардагері», «ҚР Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін» және «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және Денсаулық сақтау министрінің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шара басталғанға дейін «Жастар» сарайының бірінші және екінші қабатында «Мен және менің дәрігерім» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылып, онда абзал жандардың жұмыс істеп жүрген сәттері, балалар дәрігерлерінің фотосуреттері және балалар стационарларында емделіп жатқан кішкентай пациенттердің суреттері көрініс тапты. Сол сияқты перфоманс (өнер нысандары) ойлап шығарылып, онда медицина қызметкерлерінің науқастарды емдеу барысы көрсетілді.

Салтанатты жиында медицина қызметкерлері марапатталған соң кеш бағдарламасы бойынша елорда медицинасының тәуелсіздік жылдарындағы тарихы мен дамуы туралы бейнеролик көрсетілді, сонымен қатар COVID-19 пандемиясы күшейіп тұрған шақта қайтыс болған дәрігерлерді еске алуға арналған фильм қойылып, жиналған қауымның көзіне еріксіз жас келді.

 

 
Дата публикации
17 июня 2022
Дата обновления
17 июня 2022
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы