Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ жұмыс берушілер үшін жаңа опцияны енгізді

Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.

          Бұл сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді және сервис міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

         Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

        Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

       БЖЗҚ мамандары 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі» тақырыбында әр филиалда өтетін Ашық есік күнінде жаңа сервистің қалай жұмыс істейтіні жөнінде айтып беретін болады.   

       Кездесуге Қор салымшыларының барлық санаттары, ең алдымен ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің қатысушылары шақырылады.

       Іс-шараны өткізу барысында enpf.kz сайтында заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады. Қордың жауапты қызметкерлері тұрақты жарналар арқылы зейнетақы капиталын қалыптастыру қажеттілігі туралы және бұл үдерістегі қызметкердің, сол секілді жұмыс берушінің рөлі туралы айтып береді, сондай-ақ салымшыларды қызықтыратын басқа да мәселелер бойынша жеке кеңес береді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері –Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
04 апреля 2022
Дата обновления
04 апреля 2022
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы