Меню

Страницы

Статья

Доллар бағамы менің зейнетақы жинақтарыма қалай әсер етеді?

БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мен алушысының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына келіп түсетін жарналар мен есептелетін инвестициялық кірістен құралады.

               Зейнетақы активтерін басқарушылар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар – қысқаша ИПБ) инвестициялық кіріс алу мақсатында зейнетақы активтерін Қазақстанда және шетелде экономиканың түрлі секторларындағы сан алуан қаржы құралдарына, әр түрлі валюталарға орналастырады. Мұндай әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді. Инвестициялық кіріс – бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. құралады.

              Нарықтық және валюталық қайта бағалаудан түскен кіріс жекелей алынған кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Сондықтан инвестициялық қызметтің нәтижесінде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері әр түрлі болуы ықтимал. Салымшылар мен алушылар оған 2022 жылдың басынан бері көз жеткізуде. Мәселен, қаңтарда сыртқы және ішкі қаржы нарықтарындағы тұрақсыздыққа, оның ішінде Қазақстандағы төтенше жағдайдың салдарынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ депозитарлық қолхаттары, ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары және кейбір шет мемлекеттердің үкіметтік облигациялары сияқты қаржы құралдарының әділ (нарықтық) құны төмендеген болатын. Сонымен бірге, бұл эмитенттер тұрақты болып қалды, сәйкесінше олардың құны уақыт өте келе қалпына келіп, өсуі мүмкін. 

             Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына әр түрлі валютада инвестицияланды. 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлігі АҚШ долларымен орналастырылды. Тиісінше, доллар бағамы зейнетақы активтері құрамындағы инвестициялық кіріске де әсер етеді: ұлттық валюта нығайған кезде инвестициялық кіріс төмендеп, доллар бағамы өскен кезде жоғарылауы мүмкін. 2022 жылдың қаңтар айында АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 431 теңгеден 433 теңгеге дейін әлсіреді. Осылайша, қаңтарда зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау қалыптасты. Содан кейін ақпан айының басынан бері ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 430 теңгеге дейін нығайды және тиісінше ақпан айында зейнетақы активтерін теріс валюталық қайта бағалау есептелді. .

              Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі өзгеруіне тәуелді.

              Мысалы, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-на бөлінген 2021 жылғы таза инвестициялық табыс сомасы шамамен 1,4 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде түскен жарналар сомасынан асып түсті (1,3 трлн теңге). Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2021 жылдың басынан бері 11,13% болса (бұл мерзімді банк депозиттері бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% құрады.

              Жалпы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес, мемлекет зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляцияны ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Әлемде баламасы жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға ықпал етеді. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады.

              Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

              БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.     

 

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы