Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз! Алаяқтар мессенджерлерде жалған хабарламалар таратуда

Жаңа алаяқтық айла-шарғы пайда болды. БЖЗҚ салымшылары өздерін Қор қызметкеріміз деп таныстырған делдалдардан қолқа түскенін хабарлауда. Олар ақшасын төлесеңіз тұрғын үйге немесе емделуге зейнетақы жинақтарын алып беруге көмектесеміз деп уәдені үйіп төккен. Қордың 30-ға жуық салымшысы осы заңсыз әрекеттердің құрбаны болды.

Бұдан басқа, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жылжымайтын мүлікті зейнетақы жинақтары есебінен тұтыну кооперативтері немесе өзге де компаниялар арқылы сатып алу туралы жалған ақпарат таратылуда.

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін тұрғын үй мен емделуге пайдалану мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген уәкілетті операторлар арқылы электрондық форматта ғана іске асырылатынын еске саламыз.

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ болып табылады. Ал зейнетақы жинақтарын емдеуге пайдалану үшін өтініш қабылдайтын бірыңғай оператор – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екенін естеріңізге саламыз.

БЖЗҚ тұрғындарға зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін үшінші тұлғаларға жүгінбеуге, күдікті сілтемелер арқылы бейтаныс сайттарға өтпеуге кеңес береді, әрі ақпаратты тек enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ғана тексеруді ескертеді.

Атап кететін жәйт, БЖЗҚ-ның барлық қызметтері (соның ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер беру, шоттар ашу, зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару жөніндегі өтініш, деректемелерді өзгерту және т. б.) тегін ұсынылады!

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Дата публикации
17 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы