2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 046,57 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,5 млрд теңгеге жетті.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2021 жылы есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 1,4 трлн теңгені құрады.
Зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер
– Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2022 жылдың 1 қаңтарында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:
ҚРҰБ алған, жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылы 1 398,85 млрд теңге болды. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,40% болған кезде 11,13% жетті. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2,73% көрсетті.
Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжейтегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 7,5 млрд теңге.
"Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,43 млрд теңгені құрады. Оларға ҚРҰБ ноттары (портфельдің 33,42%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары ( 24,45%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (15,07%), Репо – 16,64% сатып алынды, инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер – 10,42%. Портфельдің 65,22% теңгемен, 34,78% АҚШ долларында.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан (қызмет басталған 2021 жылдың 15 наурызынан бері) 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық табыс мөлшері 139,29 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 8,08%.
«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қаңтарында 2,06 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында кері РЕПО операциялары 43,33%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (14,39%), ETF пайлары (13,99%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (8,75%), ЕДБ облигациялары (7,54%), ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары (6,10%), ХҚҰ (5,83%), шоттардағы ақша қаражаты (0,05%) мен басқа да активтер (0,02%) бар. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 77,21%, АҚШ долларында 22,79%.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан (қызмет басталған 15.03.2021 жылдан бері) 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 112,79 млн.теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 8,41% жетті.
«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1,22 млрд теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) (25,48%), кері РЕПО операцияларына (20,79%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (17,04%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (9,91%), ХҚҰ облигацияларына (8,00%), ҚР ЕДБ облигацияларына (6,94%), ҚР резидентэмитенттерінің корпоративтік облигацияларына (6,85%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (4,96%), өзге де активтерге (0,04%) бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,82%, АҚШ долларында 40,18% инвестицияланған.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан (қызмет басталған 15.03.2021 жылдан бері) 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 74,51 млн.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 8,37%.
«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 809,46 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (69,29%), РЕПО (15,70%), ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (14,73%), инвестициялық шоттардағы ақша құралдарына (0,27%) инвестицияланды. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан (қызмет басталған 01.04.2021 жылдан бері) 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 46,72 млн.теңгені құрады. Ззейнетақы активтерінің кірістілігі 9,37% болды.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткіштер» қосымша бетінде «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімі бар. Онда инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша жалпы ақпарат берілген.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).