«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында 2022 жылға арналған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін жүргізеді. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде 2022 жылға жоспарланған көрсетілетін қызметтер көлеміне өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 14 желтоқсанға дейін ұзартылады. Денсаулық сақтау субъектілері жоспарланып отырған көлемдерге өтінімді денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталында https://fms.ecc.kz/ сілтеме бойынша бере алады.