Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтанда жарты миллионға жуық тұрғын толық вакцина алды Барлық құқықтар қорғалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева қаладағы вакциналау жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 476 мыңнан астам азамат алды, ал 438 мың тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті. Үлкен қуанышқа орай, біз вакцина алуы тиіс халықтың басым бөлігін вакциналадық. Бірақ бұл вирусты толығымен жеңу үшін жеткіліксіз – мұнда тұрғындардың екпе алуға деген ынтасы шешуші рөл атқарады», - деді Гүлназ Досмырзаева әкімдікте өткен брифингте. Ол халықты жаппай вакциналаумен қамту үшін 36-дан астам медициналық ұйымдарда және қаланың төрт сауда кешенінде («Керуен» СОО, «Абу-Даби Плаза», «Азия парк» және «Евразия» СҮ) егу пунктері ашылғанын еске салды. «Жаппай вакцинация басталғаннан бері сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде 130 мыңнан астам азамат екпе алды. Тұрғындарды вакциналауға 300-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылды», - деді спикер.

 

Дата публикации
08 декабря 2021
Дата обновления
08 декабря 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы