Меню

Страницы

Статья

1 триллион теңге көлеміндегі инвестициялық кірісті қазақстандықтар қалайша алды?

2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

 

Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.

 Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 088,87 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,4 млрд теңгеге жетті.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде еептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемі 01.01.2021ж. бастап 30.09.2021ж. дейінгі кезең ішінде 1,1 трлн теңге болды, оның ішінде:

 

 ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 2021 жылдың 1 қазанына ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде ҚР ҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялаудың негізгі бағыттары былайша берілген:

 - ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 4 958,73 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 37,89%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,3%, ал АҚШ долларында – жылына 3,8% құрады.

 - ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 737,85 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 13,28%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

 - шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 1 340,12млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 10,24%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шетелдік мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,4%.

 - 1 042,37 млрд теңгеге (7,96%) ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,0%.

 БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

 - ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,91%, АҚШ долларында – 32,02%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,07%.

 ҚРҰБ алған, жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие: - бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 660,61 млрд теңге;

 - бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 128,94 млрд теңге;

 - шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 30,45 млрд теңге;

 - сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 137,02 млрд теңге; БАҚ үшін байланыс: press@enpf.kz Ресми сайт: www.enpf.kz Facebook, Instagram: enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

 - өзге де кірістер 161,86 млрд теңге.

 Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылдың басынан бастап 1 118,88 млрд теңге. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 6,20% болған кезде 8,89% жетті. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2,69% көрсетті.

 Бұл ретте 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,90% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,08% құрады. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айдағы нақты табыстылық 1,18% көрсетті.

 Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

 

 Инвестициялық портфельді басқарушылар

 Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 5,4 млрд теңге.

 "Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2,4 млрд теңгені құрады. Оларға Exchange Traded Funds (ETF) пайлары ( 45,85%), ҚРҰБ ноттары (портфельдің 35,67%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (16,96%) сатып алынды, инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер - 2,92%. Портфельдің 54,11% теңгемен, 45,89% АҚШ долларында.

 Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2021 жылдың 15 наурызынан бастап 1 қазанына дейін есептелген инвестициялық табыс мөлшері 35,85 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 4,10%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

 «Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 қазанға 1,5 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында ҚРҰБ ноттары (портфельдің 20,86%), ETF пайлары (17,99%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (16,26%), ЕДБ облигациялары (10,09%), кері РЕПО операциялары (9,30%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (8,54%), ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары (8,02%), ХҚҰ (7,88%) және шоттардағы ақша қаражаты (1,05%) бар. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 72,49%, АҚШ долларында 27,51%.

 Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 15.03.2021 жылдан бастап 01.10.2021 жылға қарай есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 56,61 млн.теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 4,94% жетті.

 «Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

 «BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 қазандағы жағдай бойынша 981,8 млн теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) (29,75%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (19,78%), ЕДБ облигацияларына (11,60%), ХҚҰ облигацияларына (9,80%), кері РЕПО операцияларына (8,88%), ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына (8,31%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (8,21%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты (4,82%) бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,06%, АҚШ долларында 39,94% инвестицияланған. БАҚ үшін байланыс: press@enpf.kz Ресми сайт: www.enpf.kz Facebook, Instagram: enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 15.03.2021 жылдан бастап 01.10.2021 жылға қарай есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 33,56 млн.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы - 4,49%.

 «BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

 2021 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 540,71 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (85,69%), ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (8,22%), инвестициялық шоттардағы ақша құралдарына (6,09%) инвестицияланды. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.

 Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 01.04.2021 жылдан бастап 01.10.2021 жылға есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 29,92 млн.теңгені құрады. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,57% болды.

 «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған. Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткіштер» қосымша бетінде «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімі бар. Онда инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша жалпы ақпарат берілген.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
22 ноября 2021
Дата обновления
22 ноября 2021
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы