Меню

Страницы

Статья

Елордадағы мектептер мен медициналық ұйымдарда тұрғындардың белгілі бір контингентін Pfizer препаратымен вакцинациялау басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Армения мен Әзербайжан шекарасында жағдай шиеленісті: қақтығыс болып жатыр Вакцинацияны алғаш болып алуға ниет білдіргендер арасында жүкті әйелдер, емізетін аналар мен балалар бар. «Қазақстанға Pfizer препараты жеткізілетінін білгенде, аяғым ауыр болатын. Екпе алатындар қатарына іліккеніме қатты қуандым. Вакцинация өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Соңғы мәліметтер бойынша, балалар мен жүкті әйелдер коронавируспен жиі ауыра бастады. Өз басым денсаулық пен қауіпсіздікті қолдаймын!» - деп бөлісті Гүлфайруз Ысқақова. Осыған ұқсас пікірді аяғы ауыр (16 апта) қала тұрғыны Әсел Адамова жеткізді. «Біздің еліміз ғана емес бүкіл әлем бұл вируспен қанша уақыттан бері күресіп келеді. Қауіпке жүкті әйелдер де, кішкентай балалар да ұшырай бастады. Жаңа өмір есігін ашатын баламның денсаулығы да, өз денсаулығым да маңызды. Сол себепті екпе алуға келдім. Екпеден қандай да бір қауіп көріп тұрған жоқпын. Мен үшін алдын алу мен қорғану әлдеқайда маңызды. Ең қорқынышты ауырып қалып, алда не күтіп тұрғанын білмеу. Мен бәрін екпені тезірек алуға шақырамын», - деді болашақ ана. Ал 17 жастағы Төрежан Тұрсын екпе алу туралы шешімді бірден қабылдапты. «Осы жазда отбасымызбен ауырдық. Ауруды өте ауыр өткіземіз деп ойламаған едім. Көп ұзамай оқуым басталды, оффлайн оқуға шықтық. Егер вакцинацияланбасам, ағзамды қорғамасам, қайтадан ауырып қалуым мүмкін екенін білемін. Екпе алудан қорыққан емеспін. Мен үшін ең қорқыныштысы – қайта ауыру», - дейді студент Төрежан Тұрсын. Сондай-ақ, бүгін №75 мектеп-гимназияның медициналық пунктіне 15-17 жас аралығындағы алты жасөспірім екпе алуға келді. Олардың айтуынша вакцина ғана адамды вирус жұқтырудан қорғай алады. Естеріңізге сала кетейік, елорда бойынша Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататындар арасында 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін әйел адам, сондай-ақ 63 мың бала бар. Осы санаттағы адамдарға тек медициналық ұйымдарда және қаланың білім беру мекемелеріндегі медициналық пункттерде ғана вакцина ала алады. Біздің Instagram-дағы жаңалықтарға жазыл. Ең қызықты видеолар және маңызды ақпарат сенің көз алдыңда! Ulysmedia.kz Telagram-каналы. Ең басты жаңалықтарды телефоннан оқудың жылдам әрі қолайлы жолы.

Елордалықтар коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыра бастады, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Менің жасым 17-де, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің 1-курс студентімін. Вакцина алған себебім – алдымен өзімнің қауіпсіздігімді ойладым, екіншіден қоғам қауіпсіздігі үшін. Екпе алмас бұрын оған қатысты ақпараттармен таныстым, оның ішінде Pfizer туралы да оқып, білдім. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын, әзірге ешқандай кері әсер байқалмайды», – деді Төрежан Тұрсын.

Астаналық жасөпірім Pfizer екпесін №8 қалалық емханада салдырды.

«Ата-анам вакцина алуыма қарсы болған жоқ, керісінше алғанымды қалады. Өзім коронавируспен ауырғам, бірақ жеңіл түрде өтті. Жалпы вакцинаға қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер бар, осы орайда айтарым, бастысы ата-анамның рұқсатын алдым, қалғаны маңызды емес. Оқу орнында да ешқандай вакцина алуға үгіттеу шарасы өткізілген жоқ. Тек бізден кәмелетке толған-толмағанымыз туралы сұрады», – дейді ол.

Одан бөлек, студент вакцина алмас бұрын дәрігерлер екпеге қатысты ақпарат ұсынғанын айтты.

«Балама вакцина салдырмас бұрын мән-жайды айтып түсіндірдім. Содан кейін вакцина алу туралы шешімге келдік. Ешқандай күдік, қорқыныш болған жоқ. Біз бұған дейін отбасымызбен коронавируспен ауырып шыққанбыз. Күйеуімде жеңіл өтті, себебі ол екпе алған. Балам студент, көпшілік жерде жүреді, оның үстіне автобусқа мінеді. Қоғамдық көлікте көп адам маска тақпай жүреді. Сондықтан денсаулық қауіпсіздігі үшін балама вакцина алуға кеңес бердім», – дейді жасөспірімнің анасы Бақтыгүл Омарбекова.

Дата публикации
15 ноября 2021
Дата обновления
15 ноября 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы