15 қарашадан бастап елордада Файзермен вакциналау басталады. Тиісті контингентке екпе қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады.
Алайда , қаланың барлық медұйымдары жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды.
Қалалық Денсаулық сақтак басқармасы Файзер вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынып отыр:
- Қалалық #1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы
- “Достық” отбасылық денсаулық орталығы;
- “Жанұя”, “Салауатты Астана”, “Шипагер”, “Кировская” ЖШС (барлық филиалдары).
Аталмыш ұйымдар арасында тиісті контингентті вакцинациялау үшін дозалар бөлінді.