Меню

Страницы

Статья

Оқу орындарында арналған жадынама

500 МЫҢНАН АСТАМ СТУДЕНТ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН САҚТАНДЫРЫЛҒАН

Күндізгі оқу бөлімінің барлық студенттері, жас ерекшеліктеріне қарамастан, азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, яғни мемлекет олар үшін медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасайды. Бүгінгі күні МӘМС жүйесінің кеңейтілген пакетіне 500 мыңнан астам студент, оның ішінде шетелде күндізгі білім алатын қазақстандықтар да жеңілдікпен қол жеткізе алады.

 

Сақтандырылу мәртебесі автоматты түрде, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің электрондық білім беру деректер базасымен (ҰБДҚ) медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен беріледі.

Деректерді аталған базаға енгізу үшін оқу орындарының әкімшілігі немесе деканаттарының қызметкерлері жауапты болып табылады. Студент үшін ЖСН, Т.А.Ә., оқу кезеңі мен нысанын дұрыс толтыру міндетті шарт болып табылады. Олай болмаған жағдайда, мәртебе берілмейді.

 

Егер отандық ЖОО студенті МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, ол өзі оқитын оқу орнына жүгініп, жауапты адаманан ақпараттық жүйеде деректерді тексеруді сұрауы керек.

Шетелдік оқу орындарында оқитын қазақстандық күндізгі оқу студенттері МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғалардың автоматты түрдегі жеңілдік мәртебесін бірден ала алмайды. Олар egov.kz электрондық үкімет порталындағы сервисті пайдалана отырып, жүйеде өз бетінше тіркелулері қажет:

Іздеу жолына енгізу: «шетелде оқитын студенттерді тіркеу»

Ашылған терезеде өтінішті толтыру және оқуды растайтын құжаттарды қоса беру

Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою

Көп жағдайда сақтандырудың жеңілдікті мәртебесі жолдарды дұрыс толтырған уақытта 10 жұмыс күні ішінде беріледі

Егер сақтандырудың жеңілдікті мәртебесін беру көрсетілген мерзімнің ішінде жүзеге асырылмаса, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық департаментіне хабарласу қажет

 

Студент әрбір семестр аяқталғаннан кейін сақтандырылу мәртебесін тексеруі және оқудың өзектілігін растауы қажет екендігін есінде ұстағаны дұрыс, өйткені дерекқордағы мәліметтер өзгеруі мүмкін.

 

Егер студент жоғарыда көрсетілген тәсілдермен жеңілдік мәртебесін ала алмаса, мәртебесінің жоғалғандығын анықтап, шешімін таба алмаған жағдайда, ол өз өтінішін Қордың кеңсесіне пошта арқылы жібере алады: kanc@fms.kz немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы.

 

Қор жүгінген тұлғаға сақтандырылған мәртебесін беру мақсатында ҚР БҒМ және ҚР СІМ-мен ынтымақтастықта қажетті жұмыстарды жүргізеді

Дата публикации
05 октября 2021
Дата обновления
05 октября 2021
Тип

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы