ЖАУАП: Қайырлы күн, құрметті салымшы! Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуға берген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы Жеке кабинеттегі «Менің төлемдерге/аударымдарға берген өтінішім» деген бөлімі арқылы қадағалауға болады.
ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары туралы мәліметтер ЖЗШ-дан үзінді көшірменің бастапқы бетінде көрсетіледі.