ЖАУАП: Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Сондықтан ЕАЭО елдерінен (атап айтқанда Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан) еңбеккерлерді еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде еңбекке тартқан жұмыс беруші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбеккердің ай сайынғы табысынан 10% мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен МКЗЖ есептеу үшін қабылданатын жұмыскердің ай сайынғы табысының 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға міндетті болды.