Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 18 маусым күні онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ, қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады. Іс-шараның негізгі мақсаты ерікті зейнетақы жарналарын насихаттау. Қазіргі уақытта заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді, олар жинақтау мәдениетін дамыту үшін тамаша ынталандыру болмақ.

Мәселен, жыл басынан бері салық агентінің (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жыл ішінде талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомаларын БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есептелетін жеке зейнетақы шоттарына есепке алу үшін аудару тәртібін ережелейтін заң нормалары да қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, ең маңызды жаңалықтардың бірі алғашқы ерікті салым жасалған кезде ЕЗЖ шоттарының автоматты түрде ашылуы болды.

Бұған қоса, аталмыш іс-шараның мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.  

Ашық есік күні 2021 жылы 18 маусымда онлайн режимінде өтетінін еске саламыз: 1 сессия - 10:00, 2 сессия - 12:00, 3 сессия - 14:00, 4 сессия - 16: 00 сағ. іс-шараға қатысыңыз, сіз тіркелуіңіз керек. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет. Содан кейін іс-шараның нөмірі мен паролін енгізіңіз.

Уақыты: 10:00 сағат

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e96daf577e5e780ea985b3ccdbafa52e6

Уақыты: 12:00 сағат - Zoom конференциясына қосылыңыз https://zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09 Конференцияның идентификаторы: 667 657 8184, Кіру коды: 123456.

Уақыты: 14:00 сағат https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e9b74d4738dceae253e2cca882caebae4

Уақыты: 16:00 - Zoom конференциясына қосылыңыз

https://zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09

Конференцияның идентификаторы: 667 657 8184

Кіру коды: 123456.

Сіздерді асыға күтеміз!

Дата публикации
17 июня 2021
Дата обновления
17 июня 2021
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы