Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуын жалғастыруда

БЖЗҚ шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуын жалғастыруда

2025 жылғы 9–10 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мамандары Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Бюджеттен тыс зейнетақы қорының қызметкерлері үшін онлайн-семинар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанның зейнетақы жүйесімен және оның даму бағыттарымен таныстыру болды.

Онлайн-семинар барысында БЖЗҚ өкілдері Қордың қызметі туралы жан-жақты ақпарат ұсынып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізудің алғышарттары мен оның қазіргі жағдайына, Қордың актуарлық қызметіне, зейнетақы қызметтерін көрсету форматтарына және зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мәселелеріне арналған презентациялар жасады. Сонымен қатар жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің түрлері, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Келісім аясындағы төлемдер, зейнетақы жинақтарын инвестициялау, негізгі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер, деректерді басқару тәсілдері мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі цифрлық қызметтерді енгізу мәселелері қарастырылды.

Өзбекстандық мамандар өз еліндегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, соның ішінде процестерді цифрландыру жұмыстары мен аумақтық бөлімшелерді кезең-кезеңімен қысқарту жоспарлары туралы баяндап өтті. Сондай-ақ олар қазақстандық әріптестерінен алған білімнің практикалық маңыздылығын атап өтіп, бұл тәжірибе алдағы уақытта қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға ықпал ететінін және ұлттық зейнетақы моделін одан әрі жетілдіру барысында қолданылуы мүмкін екенін жеткізді.

Тәжірибе алмасу әлеуметтік қорғау жүйесін анағұрлым тиімді әрі орнықты ету жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді. Зейнетақы жүйесін реформалау саласындағы бірлескен жұмыстар екі елге де азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
15 января 2026
Дата обновления
15 января 2026
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы