Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ" АҚ "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қаржы журналистикасы мектебі"атты онлайн-семинар өткізді

"БЖЗҚ" АҚ "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қаржы журналистикасы мектебі"атты онлайн-семинар өткізді

Ағымдағы жылдың 20-21 қарашасында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ, Қор) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мамандары екі күн бойына қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сыныптарын өткізді.

Курс бағдарламасында әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылды. Қор сарапшылары мен ҚРҰБ өкілдері әлемдегі зейнетақы жүйелерінің үлгілері, БЖЗҚ қызметі, зейнетақы активтерін инвестициялау және жинақтарды сенімгерлік басқаруға беру, зейнетақы төлемдерінің түрлері және оларды алу және салық салу тетіктері туралы баяндады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалды қалай жасауға болатынын, тақырып бойынша эксклюзивті түсініктемелерді қайдан табуға болатынын көрсетті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

"БЖЗҚ" АҚ аралас форматта (офлайн және онлайн) өткізілген семинарға қатысқан барлық тыңдаушыларға алғысын білдіріп, осы шара барысында алған ақпарат оларға салымшы ретінде пайдалы, өзекті де өтімді журналистік материалдар жасауға көмекші болады деп үміттенеді.

 

Дата публикации
03 декабря 2025
Дата обновления
03 декабря 2025
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы