Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында зейнетақы активтерін инвестициялау, проблемалы эмитенттердің активтерін қайтару мәселелері және біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша ақпарат талқыланды

«БЖЗҚ» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында зейнетақы активтерін инвестициялау, проблемалы эмитенттердің активтерін қайтару мәселелері және біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша ақпарат талқыланды

"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) Қоғамдық кеңесінің (ҚК) 31 отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Ұлттық Банкі Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Нұрғазин 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару нәтижелері туралы, сондай-ақ олардың тиімділігін одан әрі арттыру жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті. ҚРҰБ өкілінің айтуынша, активтерді инвестициялау активтер сыныптары бойынша мақсатты стратегиялық бөлуге сәйкес жүзеге асырылады және шетелдік басқарушы компанияларды тартуды көздейді. Атап айтқанда, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 2025 жылдың 1 қазанына 25,0 трлн теңгені құрап, 2025 жылдың басынан бастап 2,6 трлн теңгеге немесе 11,7% ұлғайғаны атап өтілді. БЖЗҚ активтерінің валюталық үлесі кезең-кезеңімен ұлғайтылып, 40% деңгейінде ұсталады. 2025 жылдың басынан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 7,7% құрады. Спикер биылғы бірінші тоқсанда инвестициялық кірістің төмендеуі байқалғанын, бірақ сәуір айынан бастап жағдай өзгеріп, оң инвестициялық кіріс қайта басталғанын және 9 айдың қорытындысы бойынша инвестициялық кіріс 1,8 трлн теңгені құрағанын атап өтті. 2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 3,1 трлн теңгеге жетті. Бұл кезеңдегі инфляция 12,90%, ал кірістілік мөлшері – 14,11%. ҚРҰБ өкілінің айтуынша, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында ұзақ мерзімді кезеңде акциялар мен баламалы құралдар сияқты активтердің неғұрлым кірістілік кластарын 40% дейін ұлғайту жолымен валюталық портфельдің қолданыстағы стратегиялық аллокациясын қайта қарау жоспарлануда.

Бұдан әрі қатысушыларды БЖЗҚ-ның проблемалы эмитенттердің активтерімен жасаған жұмыс нәтижелерімен Қордың Заң департаментінің директоры Назым Бақтыбаев таныстырды. Спикердің айтуынша, биыл БЖЗҚ бұрынғы жеке зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін қаржы құралдарына инвестициялаған 17 эмитенттің берешегін қайтару жұмысын жүргізді. Берешекті қайтару бойынша қабылданатын шараларға байланысты проблемалы эмитенттер мынадай топтарға бөлінді: № 1 – оларға қатысты атқарушылық іс жүріп жатыр (берешек – 40,52 млрд теңге), № 2 – банкроттық/ тарату рәсімі жүргізілуде (берешек – 20,97 млрд теңге). Сондай-ақ, 01.10.2025ж. жағдай бойынша қаржы құралдары БЖЗҚ-ның өз портфелінде тұрған 3 эмитент бойынша берешекті қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді ("Қазинвестбанк" АҚ, "Delta bank" АҚ, "Бузгул Аурум" ЖШС). БЖЗҚ өкілі 30.09.2025ж. жағдай бойынша БЖЗҚ-ға зейнетақы активтері шоғырландырылған кезден бастап проблемалы эмитенттер бойынша өтелген берешектің жалпы сомасы шамамен 38,6 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2025 жылдың өзінде ғана БЖЗҚ-ға бұрын жеке зейнетақы қорларынан берілген 3 эмитенттен зейнетақы активтері бойынша берешек толық көлемде қайтарылды: "Имсталькон" АҚ (2,8 млрд теңге), "Құрылыс материалдары мен конструкциялар комбинаты-2" ЖШС (7,8 млн теңге) және "Атамекен-Агро" АҚ (1,025 млрд теңге).

Іс-шараның күн тәртібіне сәйкес, БЖЗҚ төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы Гүлнұр Ағайдарова тұрғын үйге және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) бойынша түсініктеме беріп, сөз сөйледі. Қор өкілі өз баяндамасында отырысқа қатысушыларды зейнетақы жинақтарын алу тәртібі және шарттарымен, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша статистикамен, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын нысаналы пайдалану процесіне жұмылдырылған ұйымдардың жауапкершілік бөлінісімен таныстырды.

"БЖЗҚ" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында ұсынылған материалдармен enpf.kz сайтындағы "Қоғамдық кеңес" - "Хаттамалар мен таныстырылымдар" бөлімінде толығырақ танысуға болады.

 

Дата публикации
18 ноября 2025
Дата обновления
18 ноября 2025
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы