Отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе)
емделу ақысын төлеу үшін 4,33 трлн теңгеден аса қаржы жұмсады
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 4,33 трлн теңгеден асатын мөлшерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдаланды. Орындалған өтініш саны – 2,52 млн. Естеріңізге сала кетейік, азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
Тұрғын үйге
2021 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 885 252 өтінішін орындады. БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті операторбанктерде ашылған арнайы шоттарына шамамен 3,74 трлн теңге аударды.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 1,98 млн теңгеден асады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша орындалған өтініштердің ең көп саны Алматы қаласының (20,66%), Астана қаласының (20,12%), Маңғыстау облысының (9,47%) тұрғындарынан түсті. Қордың www.enpf.kzсайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде азаматтардың біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштерді қандай мақсаттарға беретіні, оның ішінде өңірлер бөлінісі ("Біржолғы зейнетақы төлемдері мақсаттары бойынша" және "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімшелері) бойынша ақпарат орналастырылған.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттарын талдай отырып, мынадай қорытынды жасалды: барлық өтініштердің шамамен 28,89% – азаматтыққұқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу), өтініштердің 23,91% – тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру, 18,55% - тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу, 17,84% - ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) мақсаттарына жұмсалған.
Қазіргі кезде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға берілген өтініштерді қабылдайтын уәкілетті оператор-банктердің қатарында "Отбасы банк "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және " Фридом Банк Қазақстан"АҚ бар.
Атап кетейік, уәкілетті операторлардан 573,43 млрд теңге салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) қайтарылды. Себебі, отандастарымыз біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмған.
Емделуге
Қор емделу үшін жалпы сомасы 593,19 млрд теңге болатын 639 251 өтінішті орындады. Алынған соманың орташа мөлшері 0,93 млн теңге.
Өтініштердің 97,07% стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,16% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының 1% аз мөлшері пайдаланылды.
Зейнетақы жинақтарының тиесілі бөлігін емделуге ақы төлеу мақсатында игеру бойынша Алматы қаласының (емделу ақысын төлеу бойынша орындалған өтініштердің жалпы көлемінің БАҚ-пен байланыс: press@enpf.kz Ресми сайт: www.enpf.kz Facebook, Instagram: enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 14,35%), Атырау облысының (14,07%), Астана қаласының (12,51%) тұрғындары басым белсенділік танытты
Салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на шамамен 54,66 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.
Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану бойынша өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" - "Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінде танысуға болады.
Жеке инвестициялық басқаруға
Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж. бастап 62,25 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 33 079 өтініш берушіден түскен 46 608 өтініштіорындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,34 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырған. Сіз ол туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде біле аласыз. Атап кетейік, 62,25 млрд теңгенің 18,66% немесе 11,61 млрд асатын теңгесі "Jusan Invest" АҚ-ға, 8,59% немесе шамамен 5,35 млрд теңгесі"Halyk Global Markets" АҚ-ға, 9,33% немесе 5,8 млрд теңгесі "BCC Invest" АҚ-ға, 3,25% немесе 2,02 млрд асатын теңгесі "Сентрас Секьюритиз"АҚ-ға, 60,18% немесе шамамен 37,47 млрд теңгесі "Halyk Finance" АҚ-ға аударылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар өздерінің міндетті жарна түрлері (МЗЖ және МКЗЖ) есебінен қалыптастырған жинақтарының 50% дейін жеткіліктілік шегін есепке алмай-ақ, ИПБ-ның басқаруына бере алады. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарды ИПБ-ға толық көлемде беруге болады. 2023 жылғы шілдеден бастап 2024 жылғы желтоқсан айына дейінгі мерзім ішінде бұл құқықты 30 012 қазақстандық пайдаланып, портфельді басқарушыларға 53,16 млрд жуық теңге аударылды. Бұл ретте БЖЗҚ аударым жасауға берілген 40 497 өтінішті орындады.
Зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы жылына көп дегенде бір рет қана зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге құқылы. 2022 жылғы 16 наурыздан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде 264 өтініш беруші ИПБ таңдау бойынша шешімін ауыстырды: БЖЗҚ бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру туралы жалпы сомасы 810 млн теңгеге 367 өтінішті орындады.
01.07.2023 жылдан бастап ИПБ басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ басқаруына қайтару мерзімі екі жылдан бір жылға қысқарды. ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтінішті БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап 1 жылдан кейін беруге болады (бұрын зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін 2 жылдан кейін ғана өтініш беруге болатын). 2023 жылғы 15 наурыз бен 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында БЖЗҚ жалпы сомасы 7,76 млрд аса теңгені ИПБ-дан ҚРҰБ-қа аудару бойынша 3 073 өтінішті орындады.
Естеріңізге сала кетейік, ИПБ БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ Инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Ол зейнетақы активтерін басқару нарығындағы барлық ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).