Аңдатпа
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 11:00 де «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді.
Күннің басты тақырыбы – «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау».
ИПБ деген не, өз зейнетақы жинақтарыңызды сенімгерлік басқаруға беретін компанияны қалай таңдауға болады, сондай-ақ жинақты сенімгерлік басқаруға аудару қағидалары туралы Қор мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері аталмыш іс-шара барысында түсіндіріп береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 11:00 де өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc9400cde79659daf2b255662c70bbfa2
Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 230 8050 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 енгізіңіз.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!