Меню

Страницы

Статья

Сарапшылардың зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша ұсыныстары туралы сұрақтарға жауаптар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Сарапшылардың зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша ұсыныстары туралы сұрақтарға жауаптар

Мемлекеттік зейнетақы

           Бұған дейін хабарлағанымыздай, республикада Қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған қазақстандық сарапшылар, атап айтқанда: Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова, Гүлфайрус Шайқақованың қатысуымен Мемлекет басшысына жүйенің тұрақтылығы мен қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандырудың лайықтылығын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірлеп, жолдады.

            БЖЗҚ-ның ақпараттық-талдамалық қолдау көрсетуі арқылы ауқымды халықаралық тәжірибе мен ұзақмерзімді экономикалық есептеулер негізінде әзірленген ұсыныстар кәсіби орталар мен жалпы қоғамда кең резонанс тудырды.

           Көптеген пікірлер мен сұрақтар келіп түсті, олар қосымша түсіндіруді қажет етеді. Сауалдар санының көптігін ескере отырып, олар жүйелік мәселелерге және оларды шешуге арналған ұсыныстарға сәйкес бағыттар бойынша топталды.

           Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін зейнетақымен лайықты қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекеттік зейнетақыға қатысты сұрақтардың бірінші топтамасына берілген түсіндірмелермен танысуға болады. Толық ақпарат алу үшін сілтемеге өту керек.

            Сарапшылар ұсынған шараларды кешенді түрде қарастыру қажет екенін атап өткіміз келеді. Сондықтан, жақын арада сарапшылар тарапынан жасалған ұсыныстардың барлық бағыттары бойынша сұрақтарға жауаптар жариялауды жалғастырамыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
08 сентября 2024
Дата обновления
08 сентября 2024
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы