Меню

Страницы

Статья

Сарапшылар неліктен "4+1" үлгісін ұсынуда? Сарапшылар тобының зейнетақының шартты-жинақтаушы құрамдауышы бойынша жасаған ұсыныстарына түсіндірме

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Сарапшылар неліктен "4+1" үлгісін ұсынуда? Сарапшылар тобының зейнетақының шартты-жинақтаушы құрамдауышы бойынша жасаған ұсыныстарына түсіндірме

 

            Белгілі экономистер Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сәйденов, Елена Бахмутова, Гүлфайрус Шайқақованың қатысуымен зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша қазақстандық сарапшылар тобының ұсыныстарын түсіндіруді жалғастыра отырып, Сіздерді шартты-жинақтаушы зейнетақыға қатысты сұрақтарға жауаптардың екінші топтамасымен таныстырамыз, ол сондай-ақ шұғыл шешімдер қабылдауды қажет ететін жүйелік мәселелер қатарына кірді.

            Сарапшылардың пікірінше, шартты-жинақтаушы үлгі бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) ортақ зейнетақының төмендеуін/болмауын өтей алмайды.

 

           Жинақтардың лайықтылығын және жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойы төленуін қамтамасыз ету мақсатында сарапшылар мынадай ұсыныстар жасады:

           Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (ЖМЗЖ) шартты-жинақтаушы нұсқасы (іс жүзінде үлестіруші) түсінікті және неғұрлым әділ (жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін) аралас нұсқамен ("4+1"моделі) ауыстырылсын:

            - ЖМЗЖ-ның 4%-ы жұмысшылардың жеке зейнетақы шоттарына жіберіледі (осы жинақтарға меншік құқығы мен мұраға қалдыру құқығын беріп),

            - ЖМЗЖ-ның 1%-ы жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойына берілетініне кепілдік беретін жалпы шотқа жіберілсін.

             Жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойына кепілдендірілуі (аннуитизация) адал жұмыскерлерді қарттық шағының бүкіл кезеңінде және ең төменгі әлеуметтік стандарттан (ЕТЖ-дан төмен емес) төмен емес жиынтық зейнетақымен қамтамасыз етеді.

           

  1. Азаматтардың ЖМЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыруға тең қолжетімділігін (қазіргі кезде көзделгендей, тек 1975 жылдан кейін туғандармен шектелмей) қамтамасыз ету, бұл ортақ зейнетақының объективті түрде қысқаратынын ескерсек, өте маңызды.

            ЖМЗЖ енгізу мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасындағы жауапкершілікті бөлу қағидаттарын ескере отырып, Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

            Шартты-жинақтаушы зейнетақыға қатысты мәселелердің екінші топтамасы бойынша түсіндірмелермен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады.

            Естеріңізге сала кетейік, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін лайықты зейнетақымен қамсыздандырудың құрамдас бөліктерінің бірі мемлекеттік зейнетақыға қатысты мәселелердің бірінші топтамасы бойынша түсіндірмелер ресми сайтта орналастырылған.

            Барлық енгізілген ұсыныстар зейнетақымен қамсыздандырудың барлық құрамдауыштарын нығайтуға бағытталған, өзара байланысты және кешенді түрде ескерілуі тиіс. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
08 сентября 2024
Дата обновления
08 сентября 2024
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы