Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ халықаралық аудиттен сәтті өтті

«БЖЗҚ» АҚ халықаралық аудиттен сәтті өтті

          «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті стандартының талаптарына сәйкестігіне орай сыртқы қайта сертификаттау аудитінен сәтті өткенін хабарлайды. Сәйкессіздіктер табылған жоқ.

          ISO 9001 - бұл бүкіл әлем мойындайтын сапа менеджменті стандарты. Оның көмегімен барлық саладағы ұйымдар өз жұмысын жақсартып, тұтынушыларының көңілінен шығып, сапаға деген адалдықтарын көрсете алады. Оның талаптары сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) құру, енгізу, қолдау және үнемі жақсарту тәртібін анықтайды. Осы халықаралық стандарттың талаптарына сай болу үшін ұйымдарға өз қызметін сауатты жоспарлап, жүзеге асыру керек. Әрине, ол үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланумен қатар, тәуекелдерді де ескерген жөн. Тәуекелдерге уақытылы  жауап беру сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін арттыруға, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және жағымсыз салдардың алдын алуға негіз бола алады. Жоғары басшылыққа ұйымның қызметін жақсарту мақсатында пайдалануға болатын сапа менеджментінің негізгі қағидаттарының бірі - тұтынушыға бағдарлану, басшының көшбасшылығы, менеджментке жүйелі көзқарас, көрсетілетін қызметтердің сапасын тұтынушылардың мүддесіне қарай үнемі жақсартып отыру. Бұл қағидаттар ISO 9001 құрамына кіретін сапа менеджменті жүйесінің стандарттарының негізін құрайды.

          Өткен аудит барысында Қор жұмысының ашық жағдайдағы ахуалы, үйлесімді және кәсіби ұжымы, жоғары басшылықтың салымшылардың мүдделеріне баса назар аудара отырып, ұйым қызметін басқару мен менеджмент жүйесі мәселелеріндегі сауатты саясаты, кез келген сәтте туындайтын мәселелерді шешудің заманауи тәжірибесін нәтижелі қолдануы, сондай-ақ, қызметтерді цифрландырудың өсуі сияқты үздік қырлары атап өтілді. Бұдан басқа, қорытынды есепте аудиторлар Қордың ISO 9001 негізіндегі СМЖ енгізуге деген ұмтылысына, оның ішінде Қордың инфрақұрылымын тұрақты түрде қолдап, жақсартып отыруына, ішкі процестерді шешу үшін IT-технологияларды кеңінен пайдалануына, сондай-ақ, мамандардың жоғары біліктілігі мен құзыреттілігіне де оң баға беріп, ерекше атап өтті. Тәуелсіз аудиторлар қазіргі заманғы бағалау әдіснамасын пайдалана отырып, Қорға түрлі байланыс арналары арқылы келіп түсетін өтініштерді талдау тетігін де мақтауға тұрарлық әдіс деп таныды.

          Аудит нәтижесі бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қайшы келетін бірде-бір сәйкессіздік немесе ауытқу анықталған жоқ. Осыны растау белгісі ретінде Қорға тиісті халықаралық сертификат берілді. Ол сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады. Естеріңізге сала кетейік, 2021/2024 жылдары Қор сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сыртқы қайта сертификаттау аудиттерінен де сәтті өткен болатын.

Атап кету керек, БЖЗҚ халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеп, жетілдіруді жалғастыруда. Осыған сүйене отырып, Қор басшылығы үздік нәтижеге жету жауапкершілігін өз мойнына алу, сондай-ақ, ұжым ішінде халықаралық талаптарға сәйкестіктің маңыздылығын насихаттау арқылы өзінің көшбасшылығы мен сапа менеджменті жүйесіне адалдығын паш етеді. Процестік тәсіл сапа саясаты мен ұйымның стратегиялық бағытына сәйкес қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін үрдістерді жүйелі түрде анықтау мен басқаруды және олардың өзара әрекеттесуін қамтиды.

          Қайта сертификаттау аудиті «БЖЗҚ» АҚ Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен Алматы қалалық филиалында өткізілді. Өз кезегінде, аудиттен сәтті өткен Қор менеджмент жүйесін үнемі жетілдіріп, сол арқылы  дамуын жалғастырып, көрсетілетін зейнетақы қызметтерінің сапасын үнемі арттырып отыратынын тағы да растады.     

 

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
03 июня 2024
Дата обновления
28 мая 2024
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы