Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың қорытындысы бойынша "БЖЗҚ" АҚ-ның салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету жөніндегі жыл сайынғы науқаны

2023 жылдың қорытындысы бойынша "БЖЗҚ" АҚ-ның салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету жөніндегі жыл сайынғы науқаны

 

           БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған күннен бастап кез келген сұралған күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай - күйі туралы ақпарат алу - бұл міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының (бұдан әрі - салымшылар (алушылар)) заңмен бекітілген құқығы. 

 

           Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты кез-келген ыңғайлы уақытта БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы, сондай-ақ, БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде алуға болады.

 

           БЖЗҚ-да ЖЗШ, шартты зейнетақы шоттарын (ШЗШ) ашқан кезде БЖЗҚ жинақтардың жай-күйі, ШЗШ туралы ақпарат беру тәсілі "әдет бойынша" автоматты түрде "БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы" және (немесе) Қорға дербес өтініш жасаған кезде болып белгіленеді. 

 

           Барлық қолданыстағы ЖЗШ бойынша БЖЗҚ-ның жинақтардың жай-күйі, ШЗШ туралы ақпарат беру тәсілі "әдет бойынша" автоматты түрде "БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинет арқылы" тәсілімен толықтырылды.

           ШЗШ жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат берілген кезде ол сұраныс жасалған кезең ішінде қолданыста болған барлық шоттар бойынша беріледі. 

 

           ЖЗШ-сы БЖЗҚ-да 01.07.2023ж. дейін ашылған салымшылар (алушылар) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты өздерінің БЖЗҚ-мен арадағы жасалып, қол қойған келісімдерінде айқындалған тәсілдер мен кезеңділік ішінде алу құқығын сақтайды.

           Бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілдерінен бас тарту үшін (егер олар бар болса) БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Бас тартуды БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру арқылы ресімдеуге болады.

           Салымшыларды (алушыларды) пошта байланысы және электрондық пошта арқылы жыл сайын хабардар ету жөніндегі науқанды жүргізу жылына кем дегенде бір рет жүзеге асырылады.

           Пошта байланысы арқылы хабарлау әдісін қалайтын адамдардың саны жыл сайын азаюда. Мысалы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 20,5% азайды. Егер неғұрлым ұзақ кезеңді қарастыратын болсақ, онда 2014 жылдан бастап (барлық шоттар мен зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру кезеңі) пошта байланысы қызметтері арқылы жіберілетін үзінді көшірмелердің саны 9 есе қысқарды. 

 

           Заңнаманың ережелеріне сәйкес салымшылар (алушылар) БЖЗҚ міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер (оның ішінде телефон нөмірі, электрондық мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы (егер электрондық және почта байланысы арқылы хабарлау тәсілі таңдалған болса), банктік деректемелері) туралы БЖЗҚ-ға мұндай өзгерістер орын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті екендігіне назар аударамыз. Хабарландыру мүмкіндігі БЖЗҚ интернет-ресурстарындағы Жеке кабинет арқылы да, БЖЗҚ кеңсесіне жүгіну арқылы да қолжетімді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді

Дата публикации
02 мая 2024
Дата обновления
02 мая 2024
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы