Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілдері

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілдері

 

 БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған күннен бастап кез келген сұралған күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу - бұл міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының (бұдан әрі-салымшылар (алушылар)) заңмен бекітілген құқығы болып табылады.

 Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат барлық салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, сондай-ақ, БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде беріледі.

 БЖЗҚ-да 01.07.2023 жылға дейін ЖЗШ ашылған салымшылар (алушылар) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты, олардың және БЖЗҚ арасында қол қойылған келісімдерде айқындалған тәсілдер және кезеңділік арқылы алу құқығын сақтайды.

 04.12.2023 жылғы жағдай бойынша қазіргі уақытта электрондық мекенжайға 740,6 мың салымшы (алушы), ал зейнетақы шарттарында көрсетілген мекенжайлар бойынша пошта байланысы арқылы – 1 миллионнан астам салымшы (алушы) хабарлама алуда.

 Салымшыларды (алушыларды) пошта байланысы және электрондық пошта арқылы жыл сайын хабардар ету жөніндегі науқанды жүргізу жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

 Бүгінгі күні пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы өзектілігін жоғалтатын хабарлау тәсілдерінен бас тарту үшін (бар болса) БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Бас тартуды БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы ресімдеуге болады.

 Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес салымшылардың (алушылар) БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер (оның ішінде электрондық мекенжай, телефон нөмірі, тұрғылықты мекенжайы (егер пошта байланысы, банк деректемелері арқылы хабарлау тәсілі таңдалса) туралы БЖЗҚ-ға күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті екендігіне назар аударамыз. Осындай өзгерістер болған күннен бастап хабарландыру мүмкіндігі Қордың интернет-ресурстарындағы жеке кабинет арқылы да, БЖЗҚ кеңсесіне жүгіну арқылы да қолжетімді.

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
18 января 2024
Дата обновления
18 января 2024
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы