Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2,7 триллион теңгеге өсті

 

Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы

жинақтары 2,7 триллион теңгеге өсті

 

2023 жылғы 1 желтоқсандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері

 

 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 17,4 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бергі өсім 2,7 трлн теңге ( 18,4%) болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3 трлн теңгеге немесе 20,5% ұлғайды.

 Өсім жарналар мен инвестициялық табыс, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түрінде, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы - тұрғын үй мен емделуге, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және т.б. түріндегі кіріс ағындарын есепке ала отырып қалыптастырылды.

 

 2023 жылдың 11 айында зейнетақы жарналарының сомасы 1 927,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 390,4 млрд теңге немесе 25,4% артық. Атап кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - 25,5%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - 23,9%, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) - 0,8% есебінен ұлғайды.

 

 Қазақстандықтардың жинақтарының 96,8% мөлшері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылды. 01.12.2023 ж. Қарай МЗЖ көлемі 16,8 трлн теңгені құрады (бір жылдағы өсім – 20,3%, жыл басынан бері – 18,2%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап 26,9% мөлшерге, ағымдағы жылдың басынан бастап 24,2% ұлғайып, 553,3 млрд теңге болды. Ең үлкен өсім (жылына - 52,3%, жыл басынан бері - 43,1%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтарды көрсетті, оның көлемі 5,1 млрд теңге.

 

 БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс жыл басынан бері шамамен 1 245,7 млрд теңгені құрады.

 

 БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары жыл басынан бері 01.12.2023 ж. дейін шамамен 531,4 млрд теңге болды. Бұл ретте тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) осы соманың едәуір бөлігін құрады – 255,4 млрд теңгеден астам, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 71,7% төмен.

 Зейнетақы жасына байланысты төлемдер 139,6 млрд теңге.

 Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 48,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 37,2 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,5 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 6,8 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 41,4 млрд теңге аударылды.

 Айта кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 138 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 876 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды.

 2023 жылғы 1 желтоқсандағы БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны - 12,3 млн бірлік, оның ішінде: МЗЖ бойынша - 11,1 млн, МЗЖ бойынша - 637 958, ЕЗЖ бойынша - 393 844.

Зейнетақы активтері бойынша, оның ішінде республика өңірлері бөлінісінде статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат Қордың enpf.kz сайтының "Көрсеткіштер" бөлімінде орналастырылған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
18 января 2024
Дата обновления
18 января 2024
Тип

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы