Баспасөз хабарламасы
2023 жылғы 29 қарашада сағат (10:00; 12:00; 14:00; 16:00) "БЖЗҚ" АҚ Ашық есік күнін онлайн-форматта өткізеді.
Тақырыбы: "Ұлттық қор-балаларға".
БЖЗҚ қызметкерлері қолжетімді және түсінікті мағынада "Ұлттық қор - балаларға" жобасының мақсатын, оны іске асыру тетігін егжей-тегжейлі түсіндіреді, сондай-ақ, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" жобасы іске қосылады, оның шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінетін болады. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың саны 7 миллион адамнан асады.
Қазақстандық балалар кәмелетке толғанға дейін есептелетін Ұлттық қордың қаражатын оқуға, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға пайдалануға мүмкіндік алады.
Нысаналы активтерді есепке алуды, жинақтарды есепке алуды және оларды төлеуді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын болады. Айта кетейік, БЖЗҚ әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда үлкен практикалық тәжірибеге ие, дербестендірілген есепке алу мен қашықтықтан көрсетілетін сервистің бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелерін, халыққа қолжетімді қызметтерді ұсыну үшін дамыған өңірлік желіге ие.
Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз
Zoom кездесуіне қосылыңыз: 10:00 сағат
https://us05web.zoom.us/j/81043873494?pwd=I1yXKHTamZ3Tw7QUjsKhCrncqitTKC.1
Еvent-мәжіліс нөмірі: 810 4387 3494
Еvent-мәжіліс паролі: 123456
Zoom кездесуіне қосылыңыз: 12:00 сағат
https://us05web.zoom.us/j/89976140526?pwd=6i1db2j9MYn4JrpN3HeX3yEx86sViP.1
Еvent-мәжіліс нөмірі: 899 7614 0526
Еvent-мәжіліс паролі: 123456
Zoom кездесуіне қосылыңыз: 14:00 сағат
https://us05web.zoom.us/j/86374655907?pwd=aybbMyTGtImhL6AfztVEfV9vGsbbs5.1
Еvent-мәжіліс нөмірі: 863 7465 5907
Еvent-мәжіліс паролі: 123456
Zoom кездесуіне қосылыңыз: 16:00 сағат
https://us05web.zoom.us/j/89937319187?pwd=fn47SadASaLE3Iv7ZaBCUbwQ8mexXm.1
Еvent-мәжіліс нөмірі: 899 3731 9187
Еvent-мәжіліс нөмірі: 123456