Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының өсімі 2 триллион теңгеден асты

Жыл басынан бері отандастарымыздың

зейнетақы жинақтарының өсімі 2 триллион теңгеден асты

 

БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі негізгі көрсеткіштері 

 

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 16,76 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Олардың жыл басынан (01.09.2023ж.) бері өсімі 2,1 трлн теңге (14,3%) болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,8 трлн теңгеге (20%) өсті.

 

2023 жылдың 8 айында зейнетақы жарналарының сомасы 1 374,8 млрд теңге болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25% немесе 278,28 млрд теңгеге жоғары. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша – 25%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша – 26% көрсетті.

 

Қазақстандықтардың жинақтарының 96,79% МЗЖ есебінен құралған.  01.09.2023ж. МЗЖ көлемі 16,22 трлн теңгеге жетті (бір жылдағы өсім – 19,7%, жыл басынан бері – 14,1%). МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы – 532,51 млрд теңге, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап 28%, ағымдағы жылдың басынан бастап 19,6%  ұлғайды. Ең жоғары өсімді (жылына 57,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі – 4,71 млрд теңге.

 

БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері шамамен 1035,1 млрд теңге болды.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,25 млн бірлік деңгейінде қалыптасты, оның ішінде МЗЖ бойынша – шамамен 11,04 млн, МКЗЖ – 626,3 мың, ЕЗЖ - 384,5 мың бірлік.

Жыл басынан бері БЖЗҚ шамамен 350,78 млрд теңге төледі. 01.09.23ж. жасына байланысты төлемдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% артып, 96,69 млрд теңгені (төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі – 27,56%), тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері – 169,15 млрд теңге (төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі – 48,22%) құрады.

Сондай-ақ, жыл басынан бері мұрагерлік бойынша төлемдер – 34,97 млрд теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 26,64 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 1,8 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 4,38 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 17,09 млрд теңге аударылды.

БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлемнің мөлшері (зейнет жасына толуына байланысты) 32 120 теңге болса,  ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 742 692 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде кесте бойынша орташа айлық төлем 29 859 теңге, ең жоғары төлем - 707 326 теңге болды.

            Зейнетақы активтері бойынша, оның ішінде республика өңірлері бөлінісіндегі статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде орналастырылған.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

Дата публикации
23 октября 2023
Дата обновления
23 октября 2023
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы