Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ 2022 ж. арналған Жылдық актуарлық есебін жариялады

«БЖЗҚ» АҚ 2022 ж. арналған Жылдық актуарлық есебін жариялады

 

 "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) 2022 жылға арналған Жылдық актуарлық есебін жариялады. Онда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасында көзделген Қазақстанның зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша 2022 жылы жүргізілген БЖЗҚ кешенді актуарлық есептеулерінің негізгі нәтижелері ұсынылған. Тұжырымдама зейнеткерлердің әртараптандырылған көздерден табыс алуын басты назарда ұстайтын зейнетақымен қамсыздандырудың көп деңгейлі моделін сақтауға, оның таратушы құрамдауышының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ міндетті жинақтаушы құрамдауыш бөлігін сақтап, нығайтуға бағытталған.

 

 Есептің 1-бөлімінде 01.01.2022 ж. ағымдағы демографиялық деректер, сондай-ақ детерминистік және стохастикалық тәсілдерді ескере отырып, демография бойынша болжамды трендтер және олардың Қазақстанның зейнетақы жүйесіне әсері сипатталған.

 Есептің 2-бөлімінде Қазақстандағы болашақ зейнетақының барабарлығына баға беріледі. Ол математикалық модельдің көмегімен алынған.

 Есептің 3-бөлімінде зейнетақы ағындарының болжамды мәндері берілген.

 

 Жылдық актуарлық есеп – Қордың маңызды құжаттарының бірі. Ол кең ауқымды мүдделі тараптар үшін өзекті ақпаратты қамтиды. Құжат БЖЗҚ-ның 2022- 2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, сондай-ақ ақпаратты ашу жөніндегі халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді.

 

 2022 жылға арналған Жылдық актуарлық есеппен мына сілтеме бойынша

танысуға болады: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c9/3c95d788bd0a5cb504c04483152f72f1.pdf

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
11 сентября 2023
Дата обновления
11 сентября 2023
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы