Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап зейнетақы жарналары БЖЗҚ-ның жаңа деректемелері бойынша аударылады

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап зейнетақы жарналары БЖЗҚ-ның

жаңа деректемелері бойынша аударылады

 

 "БЖЗҚ" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Банк-Клиент " қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне көшудің аяқталуына байланысты зейнетақы жарналарын 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап БЖЗҚ-ның жаңа деректемелері бойынша ғана аударуға болатынын хабарлайды.

 

Атауы

Деректемелері

Бенефициар БСК

NBRKKZKX

Бенефициар ЖСК

KZ92125KZT1002303300

 

Бұл ақпарат, ең алдымен, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз бетінше немесе жұмыс берушілер арқылы екінші деңгейдегі банктер және "Қазпошта"АҚ бөлімшелері арқылы аударатын салымшыларға арналған.

 

 Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға келетін болсақ, олар Мемлекеттік корпорацияға аударылуы тиіс. Ол, өз кезегінде, аталмыш жарналарды БЖЗҚ-ға өзекті деректемелер бойынша аударады.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
11 сентября 2023
Дата обновления
11 сентября 2023
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы