Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткендігі туралы ескертеді

            АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлардың

жиілеп кеткендігі туралы ескертеді

 

 "БЖЗҚ" АҚ қазақстандықтарды телефон арқылы алаяқтық жасап, азаматтардың дербес деректерін иемдену әрекеттерінің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді.

 

Елімізде телефон арқылы алаяқтық әрекет жасайтындардың белсенділігі өршіп барады. Олар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, транзиттік шоттағы "зейнетақы жинақтарының заңсыз аударылу жолын кесу" сылтауымен азаматтарды SMS-хабарлама арқылы түскен кодты жария етуге көндіреді. Осылайша «"БЖЗҚ" АҚ қызметкерімін» деген желеумен қоңырау шалатындар азаматтардың банк карталарынан ақша қаражатын ұрлау мақсатындағы заңсыз алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады. Әдетте қоңырау түскен абоненттік нөмірлерді олардың нақты иелері пайдаланбайды және өзге тұлғаларға қайта сатылады.

 

Естеріңізге сала кетейік, алаяқтар ел-жұрттың төлем карталарынан ақша ұрлаудың жаңа тәсілдерін үнемі ойластырып отырады. Ондайлар әлемнің кез-келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбінесе ғаламтор желісінен табады. Мысалы, ақысыз хабарландыру сайттарында, қажетті адамның аты мен әлеуметтік жағдайын әлеуметтік желілердегі түрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біледі.

 

«БЖЗҚ» АҚ азаматтарға:

  • алаяқтардың телефон арқылы жүргізетін «нұсқаулықтарына» мән бермей, әңгімені дереу тоқтату;
  • өзінің жеке деректерін, SMS-хабарлама арқылы түскен құпиясөзді, төлем картасының деректемелерін, кодтар мен кодты сөздерін ешкімге хабарламау;
  • дербес деректерін белгісіз және тексерілмеген сайттарға, сондай-ақ, басқа да күмәнді дереккөздеріне сеніп тапсырмау;
  • ақпарат алу үшін үшінші тұлғаларға хабарласпау және оны тек enpf.kz ресми сайтында немесе Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеру керек екенін қатаң ескертеді.

 

Айта кетейік, "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері ешқашан төлем карталарының деректемелерін, SMS хабарламамен түскен растау кодтарын, Жеке кабинеттің құпиясөзін және т.б. туралы мәлімет беруді талап етпейді. Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және БЖЗҚ-да мерзімсіз уақыт бойына сақталады. Қазақстандық зейнетақы жүйесі төлемдерге құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген жарналар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.

 

Жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) бақылауға болады.

 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кеңестерді БЖЗҚ бөлімшелерінде немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көп арналы тегін байланыс арқылы, сондайақ, БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілер бойынша ресми парақшаларында, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы қашықтықтан алуға да болады.

 

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10- 60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" қызметі арқылы кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған.

 

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
11 июля 2023
Дата обновления
11 июля 2023
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы