Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі» атты онлайн-семинар өткізді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі»

 атты онлайн-семинар өткізді

 

БЖЗҚ жыл сайын ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған семинарлар өткізіп келеді.

Бұл шаралар жеке зейнетақы жинақтарының қалай қалыптасатынын, зейнетақы активтерін қалай және кім басқаратынын, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты басқа да көптеген мәселелерді түсінуге көмектеседі.

2022 жылдың 24 және 25 қарашасында онлайн форматта өткен «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі» күзгі оқыту науқанына 100-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында  журналистер мен блогерлер, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттері бар.

Екі күн ішінде Қор мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізді.

Курс бағдарламасы төмендегідей оқыту модульдерінен тұрды:

- Әлемнің зейнетақы жүйелері, демографиялық трендтер және жинақтаушы құрамдауыштың қажеттілігі, Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі, БЖЗҚ қызметі, даму стратегиясы;

- ҚР Ұлттық банкі мен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы;

- Цифрлық БЖЗҚ (Қордың электрондық сервистері туралы тұсаукесер);

- ЕАЭО елдеріндегі зейнетақымен қамсыздандыру;

- БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемдерінің түрлері.

Бөлімшелердің басшылары мен Қор мамандары  көрнекі таныстырылымдарды пайдалана отырып, әлемнің зейнетақы жүйелерінің қалай жұмыс істейтіні, Қазақстанның зейнетақы жүйесі неден тұратыны және ондағы төлемдердің қандай түрлері бар екендігі туралы тұшымды түрде баяндап берді.

Қазіргі және болашақ журналистерге Жұртшылықпен байланыс департаментінің басшылары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқаны және зейнетақымен қамсыздандыру тақырыбында тартымды материал жасау әдістері туралы айтып берді.

Онлайн қарым-қатынас барысында қатысушылар ұсынылған материалға қызығушылық танытып, спикерлерге аса белсенділікпен сауалдарын жолдады.

Курстың барлық материалдары enpf.kz сайтындағы «Қор туралы» - «Баспасөз орталығы» - «Арнайы жобалар» бөлімінде  ұсынылған.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

Дата публикации
06 декабря 2022
Дата обновления
06 декабря 2022
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
БЖЗҚ
02 февраля 2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады
БЖЗҚ
02 февраля 2026
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері 5 пайызға өседі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы