Naqty Onim қосымшасы арқылы дәрінің түпнұсқалығын және заңдылығын тексеріп алыңыз

Барлық қазақстандықтар үшін Naqty Onim тегін мобильді қосымшасы қолжетімді.

Қосымша арқылы қаптамадағы таңбалау кодын сканерлеп, дәрілік заттың түпнұсқалығын және заңдылығын тексеруге болады.
Сервис өнім туралы ресми ақпарат алуға және анықталған заңбұзушылықтар бойынша өтініштер жолдауға мүмкіндік береді, олар тікелей реттеуші органға түседі.
Naqty Onim қосымшасында дәрілік заттың бүкіл қозғалыс жолы көрсетіледі, сондықтан қазақстандықтар тегін берілетін дәрілік заттардың бөлшек дәріханаларда қайта сатылу фактілерін де тексере алады.
Naqty Onim қосымшасының ерекшелігі – әрбір сатып алушы тауарды төлем жасамай тұрып тексере алады. Бұл – саналы тұтынуды қалыптастыруға және нарықтан заңсыз өнімді ығыстыруға бағытталған маңызды қадам.

Дата публикации
26 февраля 2026