НАO «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» мен ЖШС «Big Tau Klinikasy» арасындағы келісімшарт тоқтатылуына байланысты аталмыш ұйым алғашқы медициналық-санитариялық көмекті көрсетуді тоқтатады, ал тіркелген барлық пациенттер әрі қарай қызмет көрсету үшін ЖШС «Жанұя» ҚӘМК-на беріледі. Медициналық көмек кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде көрсетіледі. ЖШС «Жанұя» ҚӘМК-на тіркеу аумақтық қолжетімділік қағидаты бойынша жүргізіледі, бұл медициналық қызметтердің уақтылы және ыңғайлы алынуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына жыл сайынғы тегін тіркелу науқаны басталатынын хабарлаймыз, осы науқан аясында тұрғындар өздері ары қарай қызмет алу үшін емхананы таңдау мүмкіндігіне ие болады.
Қосымша ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны немесе ЖШС «Жанұя» ҚӘМК-нан алуға болады.