БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІН КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ

БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІН КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ

 

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің мүшелігіне конкурстық іріктеу басталуын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес:

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде адам сайланбайды:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді және «_______ - мемлекеттік  кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «____ дейін ашуға болмайды» (конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.

Конкурстың өту орны: Астана қ., Бейбітшілік к. 11, 411 кабинет. Тел. нөмірлері: 557484, 556842.

Конкурстың басталу күні (құжаттарды қабылдау) –
2025 жылғы 2 тамыз.

Конкурстың аяқталу күні (құжаттарды қабылдауды аяқтау) –
2025 жылғы 31 тамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 августа 2025