«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің
«№ 12 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 13 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «Патологоанатомиялық бюро» ШЖҚ МКК Байқау кеңестерінің мүшелерінін орнына конкурстық іріктеу басталуын хабарлайды.
Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға өткізетін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес болуы қажет.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді және «_______ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «____ дейін ашуға болмайды» (конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурстың өту орны: Астана қ., Бейбітшілік к. 11, 411 кабинет. Тел. нөмірлері: 557484, 556842.
Конкурстың басталу күні (құжаттарды қабылдау) –
2025 жылғы 31 мамыр.
Конкурстың аяқталу күні (құжаттарды қабылдауды аяқтау) –
2025 жылғы 29 маусым.