«Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес,
Астана қаласы әкімдігінің "№1 көпбейінді қалалық аурухана" ШЖҚ МКК-нда басшының бос лауазымына конкурс өткізілді. Конкурс уәкілетті органның сайтында жарияланды (конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2023 жылғы 22 тамыздағы 09 сағат 00 минуттан 2023 жылғы 6 қыркүйектегі 09 сағат 00 минутқа дейін.)
Құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша конкурсқа қатысу үшін екі өтінім берілді. Байқау кеңесі отырысының 2023 жылғы 07 қыркүйектегі №6 хаттамасына сәйкес конкурс талаптарына сәйкес келетін екі кандидат жіберілді:
Басшының бос лауазымына үміткерлермен әңгімелесу Астана қаласы әкімдігінің "№1 көпбейінді қалалық аурухана" ШЖҚ МКК-нда, 2023 жылдың 8 қыркүйегінде, сағат 11.00-де, Астана қаласы, р.Қошқарбаев даңғылы, 66, 2-қабат (әкімшілік), кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.