Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс өткізу туралы жариялайды
Конкурсты өткізу орны мен уақыты: 2023 жылдың 08 қыркүйегінде сағат 11.00 минутта;Астана қ., Р. Қошкарбаев даңғ, 66, 2-қабат (Әкімшілік), кіші мәжіліс залы.
Атауы және орналасқан жері:Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК, пошталық мекен-жайы: 010000, Заңды мекен-жайы: Астана қ., Р. Қошкарбаев даңғ.66, эл. Мекен-жайы:gb1-astana@mail.ru, тел.50-67-51, 8 702 595 11 11, 8 705 423 22 28.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаты:Кәсіпорынның қызметі - барлық тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық, дәрігерлік, консультативтік-диагностикалық, стационарлық және амбулаториялық, емдік-профилактикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін басқарады, қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдалануына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижесіне толық жауаптылықпен қарайды. Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігіне бағытталған қызметкерлердің жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. игиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның мүддесін білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйым есептілігінің мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Басшы:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, тұрғындарыдң денсаулық жағдайының статистикасын, тұрғындардың денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді және өлшемшарттарды, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауда басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, санитарлық ағартуды ұйымдастыруды, тұрғындарыд гигиеналық тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын насихаттауды, адамның өмір сүрі ортасының факторын, денсаулық сақтау ұйымының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негізін, қызметкерлерге жалақы төлеу жүйесінің негізін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік тазалық сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын білуге тиіс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Медицина саласындағы жоғары білім, «Қоғамдық денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес/әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент және медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада білімін тәмамдаған тұлғалар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және несие» мамандығы бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе PhD докторы/ғылыми дәрежесінің болуы; денсаулық сақтау саласында басқарушылық лауазымда атқарған жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес; немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің болуы және «Қоғамдық денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистр дәрежесінің болуы.
Бос лауазымға арналған конкурс «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2023 жылдың 22 тамыз сағат 09.00 минуттан бастап – 2023 жылдың 6 қыркүйегі сағат 09.00 минутқа дейін.
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылдың 4 қарашасында № 21579 болып тіркелген) 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Байқау кеңесі кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен жазылады.
Сұхбат келесі қадамдардан тұрады:
1) Кәсіпорынның дамуын таныстыру;
2) кандидаттың құзыреттілігін бағалау.
Кәсіпорынның дамуын таныстыру кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі проблемаларының талдауын және оларды шешу бойынша ұсынылған шараларды ұсынады.Құзыреттілікті бағалау кезінде денсаулық сақтау саласының негізгі нормативтік құқықтық актілері, мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар туралы білім деңгейі анықталады.