«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ келесі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ШЖҚ МКК Байқау кеңестері мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды:
№ 1 қалалық емхана, № 2 қалалық емхана, № 3 қалалық емхана, № 4 қалалық емхана, № 5 қалалық емхана, № 7 қалалық емхана, № 12 қалалық емхана, № 13 қалалық емхана, Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы жоқ екендігін растайтын құжат;
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжат.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Конкурсты өткізу орны – Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 421-кабинет, 556831, 557484.
Конкурстың басталу күні (құжаттарды қабылдау) – 2022 жылғы 07 сәуір.
Конкурстың аяқталу күні (құжаттарды қабылдауды аяқтау) – 2022 жылғы 06 мамыр.