"Asia Park" СОО-да орналасқан егу пункті 15 наурызынан бастап қала тұрғындарын КВИ-ға қарсы вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын тоқтатады.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялаумен жаппай қамту үшін аталған сауда орталықта вакцинациялау пункті өткен жылдың жазында ашылған.
Бүгінгі күні қала тұрғындары екпені 26 алғашқы көмек көрсету ұйымдарында, "Нұрлы жол" жаңа теміржол вокзалында, үш сауда кешенінде -"Керуен" СОО, "Абу даби Плаза" және "Евразия" СҮ-де ала алады.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы орталық әкімшілігін астаналықтардың денсаулығын нығайтудағы бірлескен жұмысы, екпе алуға ынталандыру жұмыстарына қатысып, науқандар мен ұтыс ойындарды өткізгендері үшін алғыс білдіреді.