«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Достық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымына орналасуға 04.02.2022 жылы жарияланған конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) сұхбатқа Беркінғали Н. жіберілді.
Жіберілмегендер: Б. Т. Есқалиев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/у нысанындағы анықтаманы белгіленген мерзімде ұсынбау себебі бойынша; Омарбекова А.Б. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына 3 - қосымшаның 2-тарауы 1-параграфының 5-тармағының талабына кандидаттың сәйкес келмеу себебі бойынша-денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Сұхбат 24.02.2022 жылы сағат 17:30-да жоспарланған".