Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 47-тармағына сәйкес, "Нұр - Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ хабарлайды, 2022 жылға арналған медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ZOOM конференции бойынша ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы ауыстырылады, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және конверттерді ашудың жаңа күні мен уақыты туралы хабарлайды.
№ 5 хабарландыру 23 ақпанға 15 сағат 00 минутқа ауыстырылады;
№ 8 хабарландыру 23 ақпанға 16 сағат 00 минутқа ауыстырылады;
№9 хабарландыру 23 ақпанға 17 сағат 00 минутқа ауыстырылады;
Бұл ретте тендерлік өтінімдер салынған жаңадан берілген конверттер қабылданбайды.
Кешірім сұраймыз !!!