«Нұр-Сұлтан қаласында клиникалық-диагностикалық зертхана ашу» тікелей келіссөздер арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының (бұдан әрі – заң) 44-бабына сәйкес және 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 133-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Нұр-Сұлтан қаласында клиникалық-диагностикалық зертхана ашу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасауы туралы (бұдан әрі - – МЖӘ жобасы) тікелей келіссөздер арқылы жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды.

  1. Келіп түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілік: МЖӘ жобасымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны базасында «Сарыарқа» ауданының және Нұр-Сұлтан қаласының жақын маңдағы аудандарының тұрғындарына жоғары бағалық қолжетімділікпен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін клиникалық-диагностикалық зертхананы (бұдан әрі – зертхана) іске асыру болжанып отыр
  2. Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болуына: МЖӘ жобасы техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей жобаға жатпайды.
  3. МЖӘ жобасын іске асыру шарттары:

- МЖӘ жобасының құны – 283 720 365,0 теңге. Қаржыландыру көздері – жекеше әріптестің өз қаражаты;

- Әлеуетті жекеше әріптестің тиісті мемлекеттік лицензиясы және зертхананың 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.

- МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі 7 жылды (84 ай) құрайды.

- Мемлекеттік әріптес МЖӘ жобасы шеңберінде өтеусіз негізде алаң ұсынады.

  1. МЖӘ жобасының мәні:

МЖӘ жобасының мақсаты халыққа және заңды тұлғаларға жоғары сапалы қызметтердің кең спектрін ұсынатын заманауи, жақсы жабдықталған клиникалық-диагностикалық зертхана құру болып табылады. Ұсынылатын зертханалық қызметтер тізбесі олардың сапасымен үйлесімде клиникалық-диагностикалық зертхананың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал ететін болады. Бұл зертхананың әлеуметтік бағыты халыққа арналған клиникалық-диагностикалық зертхана қызметтерін төмен бағамен сату, қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелерін шешу болып табылады.

Жобаның мәні – МЖӘ жобасын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының базасында жобаны іске асыру барысында «толық аяқталған» жарақтандырумен және зертханалық диагностиканың медициналық қызметтерін көрсетумен заманауи клиникалық-диагностикалық зертхана құру бөлігінде іске асыру.

  1. МЖӘ жобасының күтілетін нәтижесі:

Күтілетін нәтиже-кең ауқымды клиникалық-диагностикалық қызметтерді сапалы ұсыну, емдеу-диагностикалық процесті қазіргі заманғы және сапалы зертханалық диагностикамен қамтамасыз ету, сондай-ақ халықта биоматериалды қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтердің аумақтық қолжетімділігін арттыру.

Жобаның түпкі нәтижесі – зерттеулер үшін полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қабылдау мүмкіндігі бар жоғары сапалы медициналық жабдығы бар клиникалық-диагностикалық зертхана ашу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында диагностикалық зертхана көрсететін қызметтердің сапасын арттыру (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы).

  1. Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар: Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуге тиіс.
  2. Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осы хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсынысты ұсынады:

1) әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын (заңды және нақты) көрсетеді;

2) мемлекеттік тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді;;

3) заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді көрсетеді;

4) Қағидалардың 128-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі объектіге қатысты меншік құқығын немесе ұзақ мерзімді жалға алуды растайтын құжаттарды қоса береді;

5) диализ көмегін көрсету үшін құжаттарды, мемлекеттік лицензияны және сәйкестікке санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қоса береді;

6) осы хабарламаға және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған бизнес-жоспар.

Әлеуетті жекеше әріптестердің өз сипаттамалары мен параметрлері бойынша баламалы ұсыныстары хабарламада көрсетілген тең немесе одан жоғары (мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуға тиіс.

Жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 417 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол немесе тапсырысты пошта жөнелтілімдерімен тиісті құжаттарды ұсыну қажет.

Дата публикации
24 декабря 2021