«Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ - 133/2020, «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 08 сәуірдегі № 194 бұйрықтарына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2021-2030 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) енгізу үшін бастамаларды қабылдау қосымша рәсімін жариялайды.
Жоспарға енгізу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің атына нысан бойынша құжаттарды (кестені) қоса бере отырып өтініш жолдау қажет.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 20 шілдесінен 2 тамызына дейін жүргізіледі.
Анықтама телефоны: 55 68 42, +7 705 800 13 41 Құлшариев Ерлан Мырзабайұлы, 55 74 84, +7 705 197 4952 Панченко Денис Валерьевич.