Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізу үшін қосымша бастамаларды қабылдау туралы хабарландыру

«Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.        2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ - 133/2020, «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2021 жылғы 08 сәуірдегі      № 194 бұйрықтарына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2021-2030 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) енгізу үшін бастамаларды қабылдау қосымша рәсімін жариялайды.

Жоспарға енгізу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің атына нысан бойынша құжаттарды (кестені) қоса бере отырып өтініш жолдау қажет.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 03-19 шілде аралығында жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 55 68 42, +7 705 800 13 41 Құлшариев Ерлан Мырзабайұлы.

Дата публикации
03 июля 2021