Тендерді ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-і, 11
Тендерге ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы ережесінің 3, 4 бөлімінде көрсетілген біліктілік талаптарына жауап бере алатын барлық ықтимал өнім берушілер қатыса алады.
Тендер құжаттамасы пакетін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) сағат 8:30 және 18:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 418-кабинет мекен-жайынан және/немесе «www.uoz.astana.kz» веб-сайтынан алуға болады.
Ықтимал өнім берушілердің тендерге қатысатындығы жөнінде мөр басылған конвертте рәсімделген өтінімдері Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11үй, 418-кабинетте қабылданады.
Тендер өтінімдерін берудің ақырғы мерзімі 2021 жылдың 19 шілде күні сағат 15.00-ге дейін.
Тендер өтінімдері ұсынылған конверттер 2021 жылы 19 шілде күні сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 418-кабинетте ашылатын болады.
Тендер өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде ықтимал өнім берушілердің қатысуына болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7172) 55-74-85 телефоны арқылы алуға болады.