Ақпараттық хабарлама

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы  «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысының 2 – тарауы 3 тармағының сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы, сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру қағидаттарын басшылыққа ала отырып, 2021 жылға арналған медициналық жабдықтардың болжамды тізімін көрсетеді.

Сонымен қатар, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрімен бекітілген 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына сәйкес, өнім берушілер коммерциялық ұсыныстармен бірге медициналық бұйымның құнын сараптамалық бағалау бойынша қорытындысын ұсынуы қажет.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефоны арқылы алуға болады:

8 (7172) 55-74-85, кеңсенің эл.мекен – жайы: a.kairbekova@astana.kz

Дата публикации
13 мая 2021