«Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ – 133/2020, «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 627 бұйрықтарына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2021-2030 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) енгізу үшін бастамаларды қабылдау рәсімін жариялайды.
Жоспарға енгізу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің атына нысан бойынша құжаттарды (кестені) қоса бере отырып өтініш жолдау қажет.
Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 25 желтоқсаннан 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін жүргізіледі.