«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылғы 12 мамырдағы №126-ө бұйрығына сәйкес Басқарма қызметінде 2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу жоспарланып отырғаны туралы хабарлайды.
СЖТІТ жүргізудің мақсаты – Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал процестерді айқындау, ішкі бақылау тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша жария талқылау ұйымдастырылатын болады, оның өткізілу күні, уақыты және форматы туралы қосымша хабарланатын болады.